Ссылки доступа

Венгрияда катермен қақтығысқан лайнер капитаны ұсталды


Венгерские военные принимают участие в спасательной операции на Дунае, Будапешт, 30 мая 2019 года
Венгерские военные принимают участие в спасательной операции на Дунае, Будапешт, 30 мая 2019 года

Венгрияда Дунай өзенінде туристерді серуендетуге арналған катермен қақтығысқан кеме капитаны қолға түсті. Ол - Украинаның 64 жастағы азаматы.

Будапеште өзенде болған апаттан соң 21 адамды іздестіріп жатыр. Олар іс-түссіз жоғалғандар санатында. Катер бортында 35 адам болған. Олардың көбі Оңтүстік Корея азаматтары. Жеті адам құтқарылған. Мамандар қалған адамдардың тірі қалуы екіталай екенін жасырмайды.

29 мамырда кешке Дунай өзенінде, парламент ғимаратына жақын маңда, туристерді серуендетуге арналған кіші-гірім катер мен Viking круиз лайнері қақтығысып қалды. Катер жеті секундтың ішінде суға батқан. Апат болған уақытта нөсер жаңбыр жауып түрған. Соның салдарынан өзенде су деңгейі көтеріліп, ағысы артқан.

XS
SM
MD
LG