Ссылки доступа

Өзбекстан әйелдер футболы бойынша Азия біріншілігін өткізуге ниетті


Өзбекстан 2022 жылы әйелдер арасында футболдан Азия біріншілігін өткізуге қызығушылық білдіріп отырған үш елдің бірі деп мәлімдеді Азиа футбол конфедерациясы.

Ұйымның мәлімдемесінде қызығушылық білдіріп отырған мемлекеттер өздерінің стадиондарын ұсынуы тиіс. Сосын 2020 жылы Азия кубогы өтетін мемлекет анықталады. Ұсыныс білдірушілердің өтініші 31 мамырда аяқталған.

Қыз-келіншектер арасындағы футбол бойынша Азия кубогы — әлем чемпионатына таңдап алу ойындарының бір бөлігі болып есептеледі.

XS
SM
MD
LG