Ақорданың алдына жиналған аналар Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығуын талап етті. Наразылар жиналған жерге қалалық әкімдік, еңбек және әлеуметтік көмек министрлігі өкілдері мен полицейлер келіп, сырттай бақылап тұрды.
Біршама уақыттан кейін наразы аналарға келген прокуратура өкілі "мәселені бейбіт жолмен шешу" үшін парламент мәжілісіне баруды ұсынды.
Бұдан соң аналар мәжіліске баруға келісті. Азаттық бұл туралы тікелей эфирде хабар таратып жатыр.