Ссылки доступа

Түркімен полициясы тату салушылардың соңынан түсті


түркіменстан билігі тату салушыларға қарсы науқан бастады. Ашғабад полициясы денесінде татуы бар адамдарды тергеп, оны кім салғанын анықтап жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының Түркімен қызметі хабарлады.

Елде тату жасау кәсібіне заңмен тыйым салынбаса да, осы уақытқа дейін тату қызметін ұсынушы салондар болған жоқ. Билік азаматтардың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі - тұрғындарға сәнді шаш үлгілерін жасатуға, ер азаматтарға шаш бояуға тыйым салынған. Дегенмен мұндай тыйымдар заңда қарастырылмаған, ол туралы ресми түрде хабарланбайды.

Жақында Ашғабадтағы мемлекеттік қызметкерлерге күн сәулесінен қорғайтын әшки тағуға тыйым салынды деп хабарлады Азатлык тілшісі. Қызметкерлер мұндай ережемен танысқаны туралы қағазға қол қойған.

XS
SM
MD
LG