Ссылки доступа

Қырғызстанда сот жүйесі қызметкері Манас Арабаев ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, президент аппараты сот реформасы бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Манас Арабаев ұсталды.

Комитет мәліметі бойынша, шенеунікке қылмыстық топ мүддесі үшін қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

2 маусымда Арабаев ұсталып, комитеттің тергеу абақтысына қамалды.

Алмазбек Атамбаев президент болып тұрғанда Манасбек Арабаевқа елдегі сот жүйесіне бақылау жасайды деген айыптаулар айтылған. 2018 жылы сәуірде экс-судья Максуда Оморова оны сот шешіміне қатысты нұсқау береді айыптаған.

Өткен жылы маусымда Бас прокуратура Арабаевқа қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG