Ссылки доступа

"Азаттык" зерттеуі: Қырғыз премьері 700 млн доллардың елден шығарылғанын тексеруді тездетуді тапсырды


Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев "Азаттык" радиосының зерттеуіндегі мәліметтерді тексеруге қатысты жиналыс өткізді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік қаржы барлауы қызметінің төрағасы Гуламжан Анарбаевтың хабарлауынша, зерттеудегі қаржының шетелге шығарылғаны туралы мәліметтерді мекеме 2014 жылы ІІМ қарауына өткізген.

"Қазір Қаржы барлауы қызметі қаржы полициясымен бірлесіп, 700 млн доллардың елден шығарылуна қатысты мәліметтерді тексеріп жатыр", - деді ол.

Премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев тексеруді тездетуді тапсырды. "Тиянақты тексеріп қана қоймай, оны қоғамға хабарлап отыру қажет. Тексеру қорытындысын тұрғындар білуі тиіс", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.

​29 мамырда "Азаттык" эфирінен "Ынгайсыз суроолор" бағдарламасының кезекті саны шықты. Автор Әли Токтакунов Қырғызстаннан шығарылған миллиондаған доллардың Матраимовтар отбасына қатысты екенін анықтаған.

XS
SM
MD
LG