Ссылки доступа

Хорезмде шенеунік қарамағына "ұйқысыз жұмыс істейсіңдер" деп доқ көрсеткен


Азаттықтың өзбек қызметіне Хорезм облысы мәдениет басқармасының басшысы Шавкат Яхшибоевтың даусына ұқсайтын аудиожазба келіп түскен. Онда шенеунік қызметкерлеріне дөрекі сөйлейді.

«Мен сендерді 3-4 күн ұйқысыз жүретіндей жұмыс істеткізем. Біздің мақсатымыз – сендерді азаптау»,- делінген аудиожазбадағы дауыста.

пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00
Загрузить файл

Аудиожазбаны жіберген мәдениет мекемесінің қызметкері (аты-жөнін жариялаудан бас тартқан-ред.) Яхшибоевтың кезекті дүрсе қоятын жиналысы кезінде сөздерін диктофонға басып алған.

"Жиналыс Шавкат Яхшибоевтың жұмыс кабинетінде, 26 мамырда болды. Жиналыс кешкі 9-да басталып, түн ортасына дейін созылды. Оған ауылдың шетінде тұратын музыка мектептерінің меңгерушілері де келген. "Сендер түнде ұйықтамайсыңдар, егер көздерің жұмылып бара жатса, тепкілеп оятамыз, сендер осында жұмыс істейсіңдер" деп айтты, - дейді аудиожазбаны жіберуші.

4 маусымда Азаттыққа сұқбат берген Шавкат Яхшибоев бұл жағдай есінде жоқ екенін айтады. "Мен жұмысшыларға ұйқысыз жұмыс істейсіңдер деп айтып нем бар. Бізде соншалықты ауыр жұмыс емес. Бәрі ертегідей жақсы өмір сүреміз", - деді Шавкат Яхшибоев.

Дереккөздің айтуынша, Хиваға Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің сапары алдында Шавкат Яхшибоев музыкалық мектеп оқушыларын қайнаған күннің астында дайындықтан өткізген.

XS
SM
MD
LG