Ссылки доступа

Худжанд түрмесінде бүлік шығарғандар Душанбеге құпия жеткізілген


Худжанд түрмесінде бүлікке қатысы бар деген айыпталушылар аяқ астынан Душанбеге жөнелтілген. Осылай деп оның туыстары хабарлайды.

Сотталушылардың туыстары соңғы төрт-бес күннен бері олардан хабарсыз екенін айтады. Жазасын өтеушілердің бірінің анасы Соробиби Ашурова ұлының қайда екенін білмейді.

"Жұма күні біздің сәлем-сауқатымызды алмады. Ұлымның Душанбеге жөнелтілгенін айтты. Адвокатына де ештеңе демеген", - дейді Ашурова.

Әділет министрлігі өкілі Мансурджон Умаров сотталушылардың біразының Душанбеге жөнелтілгенін растады. Оның айтуынша, Худжанд түрмесіндегі өзге жазасын өтеушілердің қауіпсіздігі үшін, "қауіпті" дегендерді тергеу колониясына жіберген.

"Себебі, бүлік шығарғандардың дені "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қатысы болған. Душанбеде оларға қатысты тағы сот жүреді", - деді Мансурджон Умаров.

Мәліметке қарағанда, бүлікке қатысы бар деп 33 сотталушы үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалған.

Худжанд және Вахдат түрмесіндегі бүліктен жалпы 57 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG