Ссылки доступа

Владимир Зеленский Азаттықтың украин қызметіне спортзалда сұқбат берді


Украина президенті Владимир Зеленский Азаттықтың украин қызметіне сұқбат берді. Сұқбат спортзалда өтті: мемлекет басшысы да, тілші Григорий Жигалов да велотренажёрда отырды.

Зеленский НАТО мен Еуроодаққа кіру жөнінде, Украинада дефолт болуы мүмкін бе деген және Донбастағы жағдайға қатысты сұрақтарға жауап берген.

Атап айтқанда Зеленский Украинаның НАТО-ға және Еуроодаққа кіру бағытын жалғастыратынын айтқан. "Біз тәуелсіз елміз әрі бұл біздің таңдауымыз", – деген президент. Ол билік әрбір украиндыққа НАТО дегеніміз не дегенді түсіндіруі керек дейді. Оның сөзінше, бұл мәселені референдумға шығарады.

Брюссельге барған сапары жөнінде Зеленский Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клоде Юнкер жылы шырайлы, көреген адам деген.

"Украинада экономикалық жағдай қиын, бірақ дефолт болмайды. Брюссельге барған сапарымда Еуроодақтың Украинаға қаржылай көмегі туралы да сөз болды", - деп атап өткен президент.

"Үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін бе" деген сұраққа қазіргі министрлермен жіті таныс емес екенін, бірақ арасында кәсібіне адал адамдар барына сенімдімін деп жауап берген. Бірақ денсаулық сақтау министрі Ульян Супрун жайында "құдайға шүкір, оның отбасының дәрігері басқа" деп қалжыңдаған.

Украинаға Михаил Саакашвилидің оралуы жөнінде президент онымен ешқандай бірлескен саяси жоспары жоқ екенін айтады. "Оның төлқұжатын заңсыз тартып алды деп есептеймін. Сондықтан мен оған төлқұжатын қайтардым. Бар болғаны осы",- деген Зеленский.

XS
SM
MD
LG