Ссылки доступа

Тәжік астанасындағы Hyatt Regency Dushanbe бес жұлдызды қонақ үй сатылады


Hyatt Regency Dushanbe бес жұлдызды қонақ үй сатуға шығарылды. Бұл туралы Тәжікстанның инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік кәсіпорыны "Тәжікинвест" хабарлады.

Қонақ үй бағасы хабарланбады, бірақ 2009 жылы нысан қолдануға берілгенде оның қожайыны - "Русские отели" компаниясы құрылысқа 140 млн доллар жұмсағанын хабарлаған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, қонақ үй бағасы инвесторлармен жеке-жеке талқыланады. Оның айтуынша, ғимарат шамамен 150-160 млн долларға сатылуы мүмкін. Дегенмен бұған қатысты ресми мәлімдеме таратылмады.

Қонақ үй 1.3 гектар жерді алып жатыр. Мұнда 190 жұмыс орны бар.

Hyatt Regency қонақ үйіне "Созидание" компаниясы иелік етеді. Нысан бұған дейін Олег Дерипасканың "Русские отели" компаниясының меншігінде болған.

Ресей президенті Владимир Путиннің жақын адамы саналатын Дерипаска 2004 жылы Тәжік алюминий зауытын сатып алғысы келген. Бірақ Душанбе стратегиялық маңызды нысанды сатудан бас тартты. Ресей олигархы Тәжікстандағы бірқатар жобадан, соның ішінде Рогун ГЭС-нің құрылысынан бас тартты.

Hyatt Regency қонақ үйінің сатылу себебі белгісіз.

XS
SM
MD
LG