Ссылки доступа

Ресей есеп палатасы: Калви тұтқындалған соң елден капитал шығару екі есеге артқан


Алексей Кудрин
Алексей Кудрин

Бұл туралы Есеп палатасының басшысы Петербургте халықаралық экономикалық форумда мәлімдеді.

Есеп палатасының басшысы Алексей Кудрин Baring Vostok қорының негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Майкл Калвидің тұтқындалуы "экономика үшін соққы" болғанын айтты. Соның салдарынан жыл басынан бері елден 40 миллиард доллар шығарылған.

Кудрин кәсіпкер Калвидің үйқамаққа алынуын "қисынсыз" деп атаған. Кремль оны Петербургтегі форумға қатысқанын қалайтынын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеген.

Калви адвокаттары 31 мамамырда Есеп палатасына өтініш жасап, кәсіпкердің форумға қатысуына рұқсат сұраған. Бірақ өтініш жауапсыз қалды.

Калвидің қамалуына байланысты АҚШ бұл форумға өкілдерін жіберуден бас тартты. Оған АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Ханстман да қатыспайды.

Петербург халықаралық экономикалық форумы 6-8 маусымда өтеді.

Майкл Калви биыл ақпан айында ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол "Восточный" банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау операциясын ұйымдастырған. Калви бұны жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG