"Түрік тарапына Қырғызстанның ішкі ісіне араласпай, елдің ұлттық заңдарын сыйлауға шақырған нота жіберілді", - дейді Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі.
5 маусымда Шу облысы Орок ауылында таңғы айт намазынан кейін жастар арасында төбелес болған. Нәтижесінде 2003 жылы туған екі жасөспірім ауыр жарақат алған.
Осыдан кейін зардап шеккен жастардың туыстары жиналып, ұрыс шығарған. Нәтижесінде 12 үй мен бір көліктің терезесі шағылып, бір шопқора өртенген.
Оқиға орнына Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фырат барып, жергілікті тұрғындармен кездескен. Ол журналистерге берген сұқбатында бұл ауылда елшілік қызметкері тұратынын, оны алып кетуге барғанын айтқан. Бірақ қырғыз тарабы түрік елшілігі ел ішіне аралсып отыр деп санайды.