Ссылки доступа

Ашғабадта шаштараз, тату және массаж салондары жасырын жұмыс істейді


Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, шаштараздар және тату шеберлері үйлерінде жасырын жұмыс істеуге мәжбүр.

"Салондары жабылып қалған шаштараздар, тату және маникюр шеберлері пәтер жалдап, кәсібін жасырын түрде сонда жүргізіп жүр", – деп хабарлады Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісі.

Түркіменстан астанасында биыл мамыр айында шаштараз, сұлулық салондарын жаппай жабу басталды. Фитнес-клубтар мен массаж бөлмелері де жұмыс істеуін доғарды.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, босап қалған салондар азық-түлік дүкендеріне айналады. "Өнеркәсіп тауарлары сауда орталықтары мен базарларда ғана сатылады", - деп хабарлады тілші.

Түркіменстанда тату шеберлерін қудалау жүріп жатыр. Мамыр айында полиция денесінде тату суреті бар адамдарды тоқтатып, оны кім жасағанын білу үшін тергеу жүргізген. Тату қызметіне елде ресми түрде тыйым салынбаған.

Түркіменстан билігі азаматтардың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. Елде азаматтарға сәнді шаш үлгісін қоюға, шаш бояуға, маникюр жасауға, сәнді киінуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG