Ссылки доступа

ШЫҰ-ның Бішкектегі саммитіне 11 елдің басшылары жиналады


Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің басшылары саммитіне 11 елдің: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан басшылары қатысады.

Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңголия президенттері бақылаушылар ретінде саммитке келеді. Бұл туралы қырғыз президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдыков хабарлады.

Саммит соңында шамамен 20 құжат қабылданады.

ШЫҰ мемлекет басшыларының кеңесі алдын 14−15 маусымға жоспарланған, бірақ кейін саммит өтетін уақыт 13-14 маусымға өзгертілді.

Саммит өтетін болғандықтан, сот 1-20 маусым аралығында астанада наразылық акцияларын Горький атындағы саябақта өткізуге ғана рұқсат берді.

2018 жылы саммит Қытайдың Циндао қаласында өтті, сол кезде ұйым төрағалығы Қырғызстанға өтті.

XS
SM
MD
LG