Ссылки доступа

ЕО Таулы Бадахшандағы ГЭС құрылысына 20 млн евро бөледі (видео)


Тәжікстан энергетика және су ресурстары министрлігінің хабарлауынша, Еуроодақ Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рошткала ауданында салынатын "Себзор" ГЭС-інің құрылысына 20 млн евро грант бөлетін болды.

ГЭС Хохдара өзенінде бой көтереді. Құрылыс шығынын Еуроодақ көтереді.

Станция құрылысы ​2015 жылы басталған, сол кезде оның алғашқы іргетасын тәжік президенті Эмомали Рахмон қалаған. "Себзор" қуаты - 10 МВт. Билік бұл станция арқылы автономиялы облысты электр қуатымен қамтамасыз етуді көздейді. Бұған қоса электр қуатын Ауғанстанға экспорттауға болады. Бірақ ол үшін көрші ел электр желісін тартуы керек.

Когда корейское "добро" не в радость: история о бесхозяйственности
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

Бірақ станция құрылысы бірнеше жыл бойы тоқтап тұрды. Биыл жыл басында тәжік үкіметі инвестор іздестіріп жатқанын хабарлаған.

Бұл уақытта Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Тәжікстан мемлекеттік бюджетін қолдау бағдарламасын доғарды. Соның салдарынан республика 22 миллион доллар ала алмай қалды. Бұған Душанбенің халықаралық донорлар қойған бірқатар талаптарды орындамауы себеп болды.

XS
SM
MD
LG