Ссылки доступа

Худжанд колониясының бұрынғы басшысы сотталды


Худжандағы №3/3 қатаң жүйелі колониясының бұрынғы басшысы Файзулло Сафарзод түрмедегі бүліктен соң ұсталып, төрт жылға сотталды.

Сотталушының туыстары мен адвокаты үкімге қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тәжікстан әділет министрлігі Қылмыстық жазаны орындату бас басқармасы қызметкерінің хабарлауынша, сот Сафарзодты қызмет бабын асыра пайдаланып, салақтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 6 жыл жаза сұраған.

Қазір Сафарзод Худжандтағы тергеу абақтысында отыр, бірақ жақында Душанбедегі арнайы жүйелі колонияға жіберіледі.

Файзулло Сафарзод өткен жылы 15 қарашада, түрмедегі бүліктен соң ұсталды. Колонияның тағы сегіз қызметкері жұмысында салақтық жібергені үшін 2,5 жылға сотталды.

8 қарашада болған бүліктен, ресми мәлімет бойынша, 21 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG