Ссылки доступа

6 мың тілші Голуновтың тез арада босатылуын талап етеді


Журналист Илья Азар Иван Голуновты босатуды талап етіп пикет өткізіп тұр
Журналист Илья Азар Иван Голуновты босатуды талап етіп пикет өткізіп тұр

Ресейлік БАҚ-тың алты мыңға жуық өкілі "Медуза" журналисі Иван Голуновты тез арада босатуын талап етіп жатыр. Олар Ресей ІІМ, бас прокуратура және тергеу комитетіне үндеу жариялады.

Change.org сайтында да оның босатуын талап еткен петицияға жүз мыңнан астам адам қол қойған.

Жексенбі күні Мәскеуде Голуновты қолдаған акциялар өтті. Оның өміріне бейжай қарамайтын азаматтар ІІМ тергеу комитеті ғимаратының алдына және "Чистые пруды" метросының алдына жиналды. Олар Голуновты босатпайынша күнделікті пикетке шығамыз деп шешті.

"Медуза" тілшісі Иван Голунов 6 маусымда ірі көлемде есірткі таратуға тырысты деген айыппен ұсталды. Екі тәулік бойында оған адвокат жібермей, күш көрсеткен. Бұған дейін полиция Голуновты тексерген кезде 4 грамм тыйым салынған зат (мефедрон) табылғанын хабарлаған. Голуновтың өзі есірткіні полиция өкілдері әдейі тастап жіберді деп есептейді. Ол қуғындалуына сол күні жариялану керек болған мәйітті жерлеу бизнесі жайындағы зерттеу мақаласы себеп болып отыр дейді. Голунов бизнестің артында Федералдық қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды шенеунігі тұрғанын анықтаған.

XS
SM
MD
LG