Ссылки доступа

Валентина Шевченко чемпиондық намысын қорғады


Американың Чикаго қаласында UFC 238 турнирі өтті. Қырғызстандық Валентина Шевченко 57 келі салмақта америкалық Жессика Айды нокаутпен құлатып, чемпиондық намысын қорғап қалды. Бұл туралы UFC ұйымы хабарлады.

Былтыр желтоқсан айында Торонтода өткен UFC 231 турнирі кезінде Валентина Йоанна Енджейчикті жеңіп, чемпион белдеуін алған. Енді Шевченко Қырғызстан туымен Перуге барады.

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Шевченконы «Даңқ» орденімен мараппаттаған.

XS
SM
MD
LG