Ссылки доступа

Тәжікстанда ыстыққа қарамастан оқу жылы ұзартылды


Тәжікстан білім министрлігі оқу жылын 14 маусымға дейін ұзартты, оқушылар өткен сабақтарын қайталайды. Бірақ бірқатар оқушылар сабаққа мүлдем бармайды.

Білім министрлігінің Оқу-медотикалық орталығының директоры Шермухаммед Ёрмухаммадзода оқу жылының ұзартылуы бойынша түсініктеме берді:

– Кей мектептер үш ауысыммен оқып жатты. Сыныптан тысқары пәндерді оқуға мүмкіндік болмады. Осыған байланысты біз оқушыларды маусым айының ортасына дейін оқытуды жөн көрдік. Оқу бағдарламасын толық аяқтауымыз керек.

Тәжікстанда жыл сайын оқу жылы 25 мамырда аяқталатын.

Ата-аналар мен мектеп мұғалімдері оқу жылының ұзартылғанына наразы. Душанбе тұрғыны Анастасия сабақ әдеттегідей 25 мамырда бітсе екен деп есептейді:

– Балалар шаршап кеш тұрады, мектепке барғылары келмейді. 11 сынып оқушыларының соңғы емтихандары 25 маусымда өтеді. Ал олар жоғары оқу орындарына емтихан тапсыру 2 шілдеде басталады. Бәрі асығыс, уақыт жоқ.

Тәжікстан білім министрлігі болса болашақта оқу процесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG