Ссылки доступа

Тәжікстан БҰҰ-ға адам құқықтары бойынша есеп береді


Тәжікстанның үкімет тобы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кезекті сессиясына дайындалып жатыр.

Комитет сессиясының жұмысы 1 маусымда Женевада басталады. Тәжікстан үкіметі елдегі адам құқықтарының сақталуына қатысты баяндама жасайды.

Тәжік делегациясы 2-3 маусымда есеп береді. Үкімет тобы 2012 жылғы Хорог оқиғасы, Ислам өркендеу партиясының жабылуы мен олардың мүшелерін қудалауға қатысты сауалдарға жауап беруі тиіс.

Комитет Тәжікстаннан тәуелсіз адвокат Бузургмехр Ёровтың сотталуына қатысты сауалдар қоюы мүмкін. Бұған қоса тәжік үкіметі веб-сайт мен әлеуметтік желілердің не себепті бұғатталғанын түсіндіруі тиіс.

XS
SM
MD
LG