Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Қазақстан президентінің биыл сәуірде Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары екі ел қарым-қатынасының дамуына тың серпіліс берді" делінген ресми хабарламада.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң, елде президент сайлауы алғаш рет оның қатысуынсыз өтті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Токаев 70,76 пайыз дауыс жинаған.

Әміржан Қосанов - 16,02%, Дания Еспаева – 5,2, Төлеутай Рахимбеков – 3,2, Амангелді Таспихов – 2,07, Садыбек Түгел – 0,92%. Сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді.

Қазақстанда президент сайлауы кезінде жүздеген адам ұсталды. Олардың арасында Азаттық радиосының журналистері Петр Троценко мен Сания Тойкен бар.

Қазақстанда мемлекет басшысы бес жылға сайланады.

XS
SM
MD
LG