Осыған дейін Туйгунаалы Абдраимов Сокулук ауданы, Орок ауылындағы жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалды зерттеуге барған журналистердің бірінің түрін келеке еткені туралы видео тараған. Бұл қоғамды дүр сілкіндіріп, журналистер наразылығын туғызған.
6 маусымда бір топ журналист Шу облыстық әкімдігіне барып, Абдраимовтың өзінен түсініктеме беруін талап еткен. Онда үкімет өкілі журналистен кешірім сұрамаған.
Кейін қоғам белсенділері оның қызметінен кетуін талап етті.