Ссылки доступа

Әндіжанға Мирзияев келгенде пәтер алған әйелді үйқамақта ұстаған


Шавкат Мирзияевтің Әндіжан облысына сапары кезінде пәтер алу қойылымына қатысқан тігінші Муяссар Рахимованың айтуынша, журналистерге сұқбат берген Хуршида Тилляева және тағы кем дегенде екі әйел үйқамақта отыр.

Жергілікті биліктің 35 жастағы Хуршида Тилляеваны үйқамаққа отырғызғанын көршілері растады.

Әндіжандағы дереккөздердің хабарлауынша, президент Мирзияев сапары қарсаңында пәтер алу қойылымына қатысқан тағы екі әйел құқық қорғау органдарының бақылауына алынған.

Тігіншілер Муяссар Рахимова мен Шохиста Бакированы 10 маусымда облыстық прокуратураға шақырған. Рахимованың айтуынша, прокуратурадағылар олардан түсініктеме алған. Озодлик радиосына сұқбат берген әйелдер жергілікті биліктің қудалауына ұшыраған.

"Мен жаңа ғана прокуратурадан келдім, түсініктеме бердім. Әндіжан билігі радиоға сұқбат берген Хуршида Тилляеваға үш күн үйде шықпауын талап етті. Сұқбат жарияланған соң бізді де үш күн үйқамаққа отырғызды", – деді Муяссар Рахимова.

Еске салайық, 35 жастағы Хуршида Тилляева президент сапары қарсаңында пәтер алғанын жергілікті телеарнаға қуана хабарлаған. Бірақ келесі күні оның пәтерін тартып алған. Бұл жағдайды ол Озодлик радиосына хабарлаған.

Үш күн үйқамақта отырған Хуршида Тилляеваны жаңа пәтерге орналастырып, ол "Өзбекстан 24" телеарнасына қуанышты хабар жеткізген.

XS
SM
MD
LG