Ссылки доступа

Қырғыз парламентіне елде уран өндіруге тыйым салу туралы заң жобасы түсті


Жогорку Кенешке Қырғызстанда уран өндірісіне тыйым салуды қарастыратын заң жобасы түсті.

Осындай құжат қабылдау туралы бастаманы депутаттар Алтынбек Сулайманов, Алмамбет Шыкмаматов, Канат Керезбеков, Мыктыбек Абдылдаев, Бактыбек Турусбеков, Дастан Бекешев және Алтынбек Жунус уулу көтерген.

Заң жобасы халықтың денсаулығын, олардың өмір сүруге, еңбекке және демалысқа жарамды қоршаған ортаны сақтау құқықтарын қорғау мақсатын көздейді.

Заң қабылданған жағдайда, елдегі уран өндірісі тоқтайды.

Еске салайық, 2019 жылы Қырғызстанда Кызыл-Омпол өңірінде уран өндіру жоспары халықтың наразылығын туғызды. Белсенділер Қырғызстанның бірнеше қаласында наразылық акциясын өткізді.

XS
SM
MD
LG