Ссылки доступа

Тәжік мигранты орыс атлетін өлтірді деген күдікке ілінді


Тергеу грек-рим күресі бойынша спорт шебері Сергей Чуевті өлтірген деген күдіктіні алты ай қамауға алуды сұрады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Тергеу комитетінің қызметкері Юлия Иванованың агенттікке хабарлауынша, спортшыны өлтірді деген күдікпен алты адам ұсталған. ТАСС дереккөзі олардың барлығы Тәжікстан азаматы екенін растады.

Тәжікстан билігі азаматтарды ұстау себебін анықтап жатыр.

34 жастағы Сергей Чуевті сенбі күні түнде Мәскеуде өлтіріп кетті. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, ол аяғы ауыр әйелді бұзақылардан арашалап алуға талпынған. Бірақ Тергеу комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, 8 маусымда Чуев қызымен бірге көшеде келе жатқанда одан екі жасөспірім көмек сұраған. Олар бірнеше жігіт жол бермей тұрғанын айтқан.

Чуев жасөспірімдерге араша тұскен, бірақ жараланып, көпірден құлап түскен. Қаскөйлер атлеттің қызын да соққыға шығып, қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG