Ссылки доступа

Ресей "Медуза" тілшісі Голуновқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты (видео)


Журналист Иван Голунов
Журналист Иван Голунов

Ресей ішкі істер министрлігі "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голуновқа қатысты істі тоқтатты. Бұл туралы 11 маусымда ішкі істер министрі Владимир Колокольцев айтты. Тілші сол күні үйқамақтан босатылды.

"Биологиялық, криминалдық, дактилоскопиялық және генетикалық экспертиза жүргізу нәтижесінде Голуновтың қылмыс жасағаны дәлелденбеді. Осыған орай, оған қарсы қозғалған іс тоқтатылады. Үйқамақтан босатылады", – делінген Ресей ІІМ таратқан мәлімдемеде.

Сонымен бірге аталған мекеменің хабарлауынша, Голуновты ұстаған полицейлер қызметтен босатылған.

"Мен қуаныштан жылап жатырмын. Біз жүздеген және мыңдаған адамдардың арқасында нәтижеге жеттік. Барлығына алғысым шексіз", – деді "Медуза" басылымының бас директоры Галина Тимченко.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова Голуновқа қатысты іс тоқтатылғаннан кейін, оны толықтай ақтау қажет деп есептейді.

Как журналисты федеральных телеканалов меняли позицию в деле Голунова
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голунов 2019 жылы 6 маусымда Мәскеу орталығында "есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындаған" деген күдікпен ұсталды. 8 маусым кешке сотта прокурор оны екі айға тұтқындауды сұрады, бірақ сот оны үйқамақта қалдыру туралы шешім шығарды.

Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, есірткі сөмкесіне қасақана салынған деп санайды. Голуновтың әріптестері айыптауларды оның кәсіби қызметімен байланыстырып, ІІМ басқармасы ғимаратының жанында пикет өткізді. Халық биліктен журналисті босатуды талап етті.

12 маусымда журналистер мен белсенділер Мәскеуде Голуновты қолдап шеруге шықпақ болған.

XS
SM
MD
LG