Ссылки доступа

Өзбекстан зергерлік бұйымдарды шетелге шығаруға шектеуді алып тастады


Өзбекстан 1 шілдеден бастап құны 5 мың доллардан асатын зергерлік бұйымдарды алып шығуға қатысты жаңа ереже енгізеді.

Жаңа ережеге сәйкес, барлық зергерлік бұйымдарды бағасына қарамастан шетелге алып шығуға кедергі жасалмайды. Бұл жөнінде "Өзбекзаргарсаноати" қауымдастығының төрағасы Нодир Мирахмедов хабарлады.

"Осыған дейін құны 5 мың доллардан асатын бағалы зергерлік бұйымдарды шетелге шығаруға кедергілер болды. Ол үшін арнайы кедендік декларация толтыру керек болған. Мұнан басқа салық төлейтін еді", – деді ол.

Оның сөзінше, Самарқанд немесе Бұхараға баратын туристер арасында бағалы зергерлік бұйымдарды қатты ұнатып, бірақ кедергіге байланысты сатып ала алмай кететін.

"Енді Өзбекстанға барған кез келген адам 5 мың доллардан асатын бағалы зергерлік бұйымдарды да сатып ала алады. Ол үшін тек жолаушы декларациясын толтырады. Оған бар болғаны 2 минөттей уақыт кетеді", – деп атап өтті Нодир Мирахмедов.

Мұнан бөлек зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын, арнайы лицензиясы бар жеке кәсіпкерлер өнімдерін өздері сата алады.

XS
SM
MD
LG