Ссылки доступа

Бішкек соты экс-бас прокурор Салянованы қамауда қалдырды


Бішкек қалалық соты Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованың 26 маусымға дейін қамауда ұстау туралы аудандық сот шешіміне арызын қанағаттандырмады.

Салянованың әпкесі Чинар Турдалиеваның айтуынша, қазір оны қолдаушылардан қол жиналып жатыр. Одан соң президентке үндеу жолданады.

Аудандық сот 5 маусымда Салянованы 26 маусымға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Оның адвокаты Рабиға Сыдыкованың хабарлауынша, күдікті соттан кәмелетке толмаған екі баласы барын ескеруін сұраған.

Саляноваға жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылған. Бұған бұрынғы арнайы прокурордың куәлік беруі негіз болған.

3 маусымда Аида Салянованы тергеуге шақырды. Одан соң оны ұстау туралы шешім шықты.

XS
SM
MD
LG