Ссылки доступа

АҚШ Польшаға қосымша әскер жібереді


Вице-президент Майк Пенс выступает перед американскими военнослужащими во время визита в Польшу в феврале 2019 года
Вице-президент Майк Пенс выступает перед американскими военнослужащими во время визита в Польшу в феврале 2019 года

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Польшаға қосымша әскер жіберу туралы маңызды мәлімдеме жасайды.

Мәлімдеме жасардан бұрын Дональд Трамп Польша президенті Анджей Дудамен кездеседі. Бұның алдында Дуда Ақ үйді НАТО-ға мүше елдің аумағында тұрақты америкалық әскери база ашып, оны "Форт Трамп" атауды ұсынған.

Wall Street Journal газетінің мәліметі бойынша, Трамп әкімшілігінде Польшаға мыңдаған америкалық сарбаз жіберу мәселесі талқыланған. Әскер бұл елде тұрақтанады.

Қазір Польшада шамамен төрт мың америкалық сарбаз бар. Олардың алғашқы бөлігі бұл елге 2017 жылы жіберілді. Осылайша АҚШ НАТО-дағы одақтастарымен бірге қорғанатынын көрсетті. Мәскеудің Қырымды аннексиялауы және Ресейдің Украинаның шығысындағы жікшілдерді қолдауы Польша мен Балтық елдерін алаңдатып отыр.

XS
SM
MD
LG