Ссылки доступа

Түркіменстанда "Coca-Cola" компаниясының жұмысы тоқтап тұр


Түркіменстанда "Coca-Cola" өнімдерін өндіретін компания әлі тоқтап тұр. Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, "Coca-Cola Türkmenistan" кәсіпорын қызметкерлері жалақыларын әлі алмаған.

"Coca-Cola Türkmenistan" компаниясы 2017 жылдың желтоқсан айында өндірісті тоқтатқан. Сол кезде бірқатар қызметкерлерін жұмыстан босатқан.

Түркиялық "Coca-Cola İçecek" компаниясының өкілі Александра Аккирман Түркіменстанда валюталарды конвертациялауда қиындық болғандықтан, "Coca-cola" өндірісін тоқтатты деп хабарлған.

2019 жылдың ақпан айында Ашхабадта "Coca-cola" өкілдігінің басшысы Гектуг Гезиток қаза тапты. 50 жастағы кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу мәліметтері бойынша, қаржылық қиындықтарға байланысты ол осындай әрекетке барған.

XS
SM
MD
LG