Ссылки доступа

Мәскеуде жаппай шеру кезінде 500-ден аса адам ұсталды


Мәскеуде "Медуза" журналисі Иван Голуновты қолдауға арналған рұқсат етілмеген шеру өтті. Акцияға бірнеше мың адам қатысқан.

"ОВД-Инфо" ақпаратынша, шеру кезінде кемінде 513 адам ұсталған. Белсенділер 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Полиция шеруге шыққан адамдарға күш қолданған, резіңке шоқпармен ұрған және арнайы көлікпен су шашқан. Бірқатары жараланып, медициналық көмекке жүгінген.

Ұсталғандардың арасында "Азат Еуропа /Азаттық радиосының, "МБХ медиа", "Новоя газета", "Коммерсант", "Дождь", Reuters және The Village басылымдарының журналистері болған. Кейін тілшілердің біразын босатқан. Бірақ Илья Азар, Елизавета Нестерова және Евгений Берг секілді журналистерді кешке дейін ұстағап, оларға бастамашы топ ретінде, хаттама толтырған.

Шеру кезінде Коррупциямен күрес қорының негізін қалаушы Алексей Навальный мен қор менеджері Руслан Шаведдинов та ұсталған. Навальныйдың үстінен митинг туралы заңды қайтара бұзды деген айыппен әкімшілік іс қозғалды. Ол 30 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

"Медуза" журналисі ірі көлемде есірткі таратпақ болды деген күдікпен ұсталған. Бірақ сараптама нәтижесінде оның қанынан есірткі ізін таппады. Сейсенбі күні Голуновқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол үйқамақтан босатылды.

XS
SM
MD
LG