Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы саяси тұтқын Самандар Қоқанов толық ақталуды көздейді


12 маусымда Өзбекстан Жоғарғы соты бұрынғы саяси тұтқын Самандар Қоқановтың өзін толық ақтау туралы арызын қарай бастады.

Бұл туралы Ташкенттегі "Эзгулик" адам құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Абдурахман Ташанов хабарлады. Ол сот процесіне қатысқан.

– Сот отырысы ашық өтті. Оған қоғам өкілдерімен бірге, адам құқықтарын қорғаушылар, "Хьюман Райтс Вотч" және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты, – деді Ташанов.

Оның айтуынша, алғашқы сот отырысында 1993 жылы соттың алғашқы инстанциясының Самандар Қоқановқа таққан жемқорлық және қылмыстық топ құру айыптары қаралды. Қоқанов пен оның адвокаттары бұның барлығы жала деп отыр.

ӨзССР Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты және мұнайшы Самандар Қоқанов 1993 жылы маусымда ұсталды, Жоғарғы сот оны 20 жылға соттады, одан соң қамау мерзімі ұзартылды. Қоқанов 2016 жылы қазанда бостандыққа шықты.

XS
SM
MD
LG