Ссылки доступа

Бұхарада көне тұт ағашын мүфтият отап тастады


9 маусымда Бұхара облысы Каган ауданындағы шейх Бахауддин Накшбанди кесенесіндегі 700 жылдық тұт ағашын отап тастады. Кесене өкілінің хабарлауынша, ағаштың бұтақтары мұражайға тапсырылған.

Шейх Бахауддин Накшбанди кесенесі сайтындағы мәліметте көне тұт ағашын отау туралы тапсырманы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы берген.

Мүфти Усманхан Алимов Бұхара облысындағы имам-хатибтерден қураған ағашты отап тастауын сұраған, өйткені бұл ағашқа түрлі елдерден адамдар мінәжат етуге келеді. Көне ағашқа 9 маусымда балта тиді.

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары мүтияттың бұл әрекетін сынады. Олар бұны "саяси исламның тағы бір жеңісі" деп атады.

Өзбекстан мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы елдегі тарихи және мәдени ескерткіштердің бұзылуын сынады. Оның айтуынша, Бұхарадағы тұт ағашына шетелден туристер көп келетін.

Аңыз бойынша, бұл ағашты XIV ғасырда шейх Бахауддин Накшбанди отырғызған. Ол - ықпалды Накшбандия сопылық ағымның негізін қалаушы.

XS
SM
MD
LG