Ссылки доступа

Тәжікстан "ТәжікАзот" үшін тағы инвестор іздестіріп жатыр


Тәжікстан Орталық Азияда минерал тыңайтқыш өндіретін "ТәжікАзот" кәсіпорынын іске қосу үшін тағы да инвестор іздестіріп жатыр.

Қытай инвесторлары зауытты белгіленген мерзімде іске қоса алмады.

2016 жылы қарашада кәсіпорынды қайта жөндеу және модернизациялаудың екінші кезеңі салтанатты түрде жарияланған. Оған қытайдың "Хэнань Чжун-Я" холдингі инвестиция салған. Өндіріс қуаты 120 мың тонна аммиак және 200 мың тонна карбамид болатын зауыт 1,5 жылда іске қосылуы тиіс еді.

Одан кейін тағы үш жылда зауыттың екінші кәсіпорыны іске қосылуы керек еді.

Қытаймен арадағы келіссөзге қатысқан дереккөздің Озоди радиосына хабарлауынша, қытай компаниясы келісім шарттарын орындамаған - өндірісті келісілген мерзімде бастамаған.

"Хэнань Чжун- Я" холдингі зауытты көмірге көшіргісі келген, өйткені 2016 жылы өзбек газын алу мүмкін болмады. Қазір екі ел арасындағы қарым-қатынас түзелді, бірақ зауытқа газ жеткізу үшін Явана-Леваканда газ құбыры жарамсыз болып қалған. Ал оны жөндеу үшін қосымша инвестор қажет.

"ТәжікАзот" кәсіпорынының жұмыс істемей тұрғанына 11 жыл болды. Тәжікстан ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды шетелден қымбатқа сатып алып отыр.

XS
SM
MD
LG