Ссылки доступа

Трамп қарсыластарына қарсы компроматты Ресейден алуға дайын


Президент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп саяси қарсыластарына қарсы компроматты Ресейден немесе басқа да шет мемлекеттен алудың әбестігі жоқ деп есептейді.

“Бұны біздің саяси процеске араласу деп емес, саяси күрестің қарапайым тәсілі деп қабылдаған жөн", - деп мәлімдеді Трамп сәрсенбі күні ABC News телеарнасына берген сұқбатында.

The New York Times газетінің хабарлауынша, президенттің бұл ұстанымын демократтар қолдамайды. Бұған қоса Федералдық барлау бюросының директоры Кристофер Рэй саясаткерлерге мұндай жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берген. Трамп ешқашан ФББ-мен араласпағанын мәлімдеді. "Бұған арым жібермейді", - деді Трамп. Ол "ФББ директоры қателеседі" деп есептейді.

Бұның алдында президенттің үлкен, ұлы конгрессмендердің сауалдарына жауап берген уақытта, 2016 жылы жазда Ресей заңгері Наталья Весельницкаямен кездескенін айтқан. Ол Трамптың штабына Демократиялық партия атынан сайлауға түскен кандидат Хиллари Клинтонға компромат бере алатынын айтқан.

Түптеп келгенд, Весельницкаяның мұндай компроматы болмай шықты. Трамп бұл кездесудің ешқандай зияны жоқ екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG