Ссылки доступа

Жээнбеков: Қытайдағы этникалық аз ұлттар мәселесі – ҚХР-дің ішкі ісі


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде этникалық аз ұлттар мәселесіне қатысты ұстанымын айтты.

"Қытайдағы этникалық аз ұлттар мәселесі – сол елдің ішкі ісі", - деп мәлімдеді президент.

Бұған қоса ол Қырғызстан мен Қытай қарым-қатынасының нығаюына мүдделі емес күштер бар екенін атап өткен.

Шыңжаңдағы арнайы мекемелерге этникалық аз ұлт өкілдерін, соның ішінде мұсылман дінін ұстанатын қырғыздарды мәжбүрлі түрде қамап жатқаны туралы мәліметтер 2017 жылдан бері тарап келеді.

Куәгерлер бұл орындарда жағдай жасалмағанын, оларға қатаң қарағанын айтты. Мұндағы адамдар азапталғаны туралы ақпарат бар. Адам құқықтарын қорғаушылар "тәрбие лагерлерін" аз ұлттардың бірлігін бұзатын мекеме деп атады.

Бейжің шетел баспасөзінің мұндай мәліметтерін "жалған" деуден таймай отыр. БҰҰ мәліметі бойынша, мұндай лагерлерде миллионға жуық адам отыр.

Бішкекте 2018 жылдың аяғында Қытайдағы "тәрбие лагерлерінен" этникалық қырғыздарды, қазақтарды және ұйғырларды босатуды талап етушілер бірнеше пикет ұйымдастырды. 2019 жылы қаңтарда Бішкек алаңында өткен "Қытайға қарсы митингте" белсенділерді милиция ұстады.

Еске салайық, Қытай басшысы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін I дәрежелі "Манас" орденімен марапаттады.

XS
SM
MD
LG