Ссылки доступа

Әзербайжанда журналист отанына сатқындық жасады деген айыппен ұсталды


Әзербайжанда журналист Полад Аслановты тұтқынға алды. Оған отанына сатқындық жасады деген айып тақты. Бұл жөнінде елдің мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мәлімдеді.

Асланов - xeberman.com және press-az.com ақпараттық сайтының құрылтайшысы мен бас редакторы. Тергеушілер мәліметінше, журналист шетелдік арнайы қызмет өкілдерімен құпия кездесіп, олардан сыйақы алып тұрған.

Құқық қорғаушылар Әзербайжанда журналистердің билік тарапынан қуғындалатынын үнемі айтып келеді. "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының рейтінгісі бойынша, 2019 жылы Әзербайжан сөз бостандығы жағынан 180 елдің ішінде 166-орынға шыққан.

XS
SM
MD
LG