Ссылки доступа

Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр


Бішкекте 14 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер - Қырғызстан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан басшыларының саммиті өтіп жатыр.

Қазақстан атынан 12 маусымда президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Халықаралық бақылаушылар жексенбі күні өткен сайлауда заң бұзушылық көп болғанын, үкіметке қарсы наразылыққа шыққандарды жаппай ұстағанын хабарлады.

Кездесу Қырғызстан президентінің "Ала-Арча" резиденциясында жабық өтіп жатыр. Саммитке Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бақылаушы елдері де қатысады.

Форум қорытындысы бойынша шамамен 30 құжат қабылданады.

Бұның алдында Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков саммитте Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдай талқыланатынын хабарлаған. Оның айтуынша, саммитте Владимир Путин Иран мен әлем державалары арасындағы ядролық келісім мәселесін қозғайды. Өткен жылы АҚШ бұл келісімнен шығып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG