Ссылки доступа

Қырғызстанда күнкөрісі төмен отбасыларға 1400 доллардан бөлу ұсынылды


Қырғыз үкіметі "Күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасыға бір ретік жәрдемақы беру жөніндегі" жарлық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды.

Құжатты елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген. Оған сәйкес, күркөрісі төмен отбасыларға 100 мың сомға (1400 доллар шамасында) дейінгі бір реттік жәрдемақы беру қарастырылған.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен 300 миллион сом (4,3 миллион доллар шамасында) бөліну көзделген.

2018 жылғы мәлімет бойынша, Қырғызстанда кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан бір миллион 429 мың адам бар. Олардың дені ауылды жерде тұрады.

XS
SM
MD
LG