Ссылки доступа

АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір мың сарбаз жібереді


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Құрама Штаттар Таяу Шығысқа тағы бір мың сарбаз жібереді. АҚШ қорғаныс министрі қызметін атқарушы Патрик Шэнахан осындай бұйрыққа қол қойды. Қосымша күштердің бұл аймақта қанша уақыт болатыны хабарланбады.

Пентагон бұны Иранның аймақтағы әрекетіне жауап деп атаған.

Бұның алдында АҚШ-тың әскери-теңіз күштері Оман шығанағындағы танкерге жасалған жасалған шабуылдың артында Иран тұрғанын дәлелдейтін суреттер жариялаған. Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп шабуыл жасағаны үшін Тегеранды айыптаған. Иран бұл шабуылға қатысы бар дегенді жоққа шығарды.

Тегеран 27 маусымға таман уран байытуға қойылған шектеуден асып кететінін ескертті.

Құрама Штаттар Иранмен жасалған ядролық келісімнен 2018 жылы мамырда шықты. Вашингтон Иранға қарсы бірқатар санкцияларын қайтадан қолға алды.

Бір ай бұрын Пентагон Таяу Шығысқа бір жарым мың сарбаз жіберіп, бұны Иранмен қарым-қатынасының шиеленісуімен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG