Ссылки доступа

Әлеуметтік желілерде Гүлнара Каримованы босатуды сұраған кампания басталды


24-25 маусымда Өзбекстанның бірқатар шоу-бизнес өкілдері әлеуметтік желі арқылы тұңғыш президенттің үлкен қызы Гүлнара Каримованың тезірек босап шығуын тілейтін постар жаза бастады.

Ташкенттік блогерлердің хабарлауынша, шоу-бизнес өкілдері мен пиаршыларға мұндай нұсқауды президент әкімшілігі берген.

Аты-жөнін жасыруды жөн көрген блогер билік осылайша қоғамды Каримованың бостандыққа шығуына дайындап жатыр дейді.

"Божалар" тобының әншісі Жахонгир Позилжонов отбасының Гүлнара Каримовамен түскен суретін жариялап, "Біз сізді сағынамыз, тезірек үйіңізге оралыңыз" деген жазу қалдырған.

Актриса Халима Ибрагимова да Каримоваға арнап мақтау сөз арнап Instagram-ға пост жазған. Дәл осындай мазмұнда Шахзода Матчонова, Зиёда, Далер Субхонов, Дильфуза Кадырова секілді шоу-бизнес өкілдері пост жазған. Кейбірі "Алла біздің тілегімізді естісе екен" десе, енді бірі "Алақай, жақында ол ортамызға оралады" деген пікір қалдырған.

Мемлекеттік "Өзбекконцерт" мекемесінің шенеуніктері өнер қауымының аталған кампаниясының себебін түсіндіре алмады.

Каримованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа 15 маусымда Twitter парақшасына оның денсаулығының нашарлап кеткенін жазған.

Гүлнара Каримова таяуда халықтан, президент Шавкат Мирзияевтан өзін кешіруін сұрап мәлімдеме жариялаған. Ол шетелдегі есеп-шоттарындағы ақшаның бәрін мемлекетке қайтаруға дайын екенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG