Ссылки доступа

Түрмеге қамалған азаматтық белсендінің анасын президентпен жолықтырмас үшін 6 сағат ұстаған


Мавджигул Гарибова
Мавджигул Гарибова

Рашт аудандық милициясы №4 колонияда жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Жунайдулло Худоёровтың анасы Мавджигул Гарибованы алты сағат тергеуден кейін босатқан.

Мавджигул Гарибова Раштқа жұмыс сапарымен барған ел президентімен кездескісі келген.

Оның айтуынша, таңғы сағат 5-тен ауылдастарымен бірге президентпен кездесуге шыққан. Бірақ милиция қызметкерлері оларды жергілікті бөлімшеге алып кеткен.

Рашт милициясы Мавджигул Гарибованы ұстауының себебін түсіндірмеді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 24 маусымнан бері Рашт жазығында жүр. Ол 27 маусымда сонда Бірлік күнін атап өтпек. Президенттің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзода "кез келген адам президентпен кездесіп, проблемасын айта алады" деп мәлімдеген.

Мавджигул Гарибованың екінші ұлы Фарход Худоёров анасының қолында президентке жазған хаты болғанын айтады. Хатта түрмеге түскен ұлының шенеуніктердің ақша ұрлау фактісін ашқаны үшін жазықты болғаны жазылған.

Жунайдулло Худоёров былтыр тамыз айында елінде тыйым салынған "Салафия" қозғалысымен байланысы болды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG