Ссылки доступа

Экс-арнайы прокурор Мюллер Конгреске тыңдауға қатысады


Роберт Мюллер
Роберт Мюллер

АҚШ президенті сайлауы қарсаңында Дональд Трамп штабының Ресеймен байланысы болды деген ақпаратты зерттеген Роберт Мюллер Конгреске барып, депутаттар сұрағына жауап бермек.

Тыңдау 17 шілдеде ашық өтеді.

Конгрестің екі комитет өкілдері "америкалықтар арнайы прокурор ашық баяндама жасап, ресейлік шабуылдың біздің демократияға нұқсан келтіргенін түсіндіріп берсін" деп талап етіп жатыр деді.

Арнайы прокурордың екі ай бұрын жариялаған баяндамасында Ресейдің америкалық сайлау процесіне араласқан көптеген фактілер келтірген. Бірақ арнайы прокурор президент Трамп тергеу ісіне кедергі келтірді ме, жоқ па деген сұраққа жауап беруден бас тартқан. Басым бөлігі демократтардан құралған Өкілдер палатасының депутаттары болса, президент тергеу ісіне кедергі келтірді деп санайды. Олар бұрынғы арнайы прокурор өздерінің уәждерін растайды деген үмітте.

Роберт Мюллердің өзі Конгресте сөйлегісі келмеген. Ол депутаттардың алдында сөйлеген күннің өзінде жасаған баяндамасы аясынан шықпайтынын ескертті.

XS
SM
MD
LG