Ссылки доступа

Атамбаев: Батукаев мәселесінде Путин де сөз айтады деп сенемін


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты мәлімдеме таратты.

Онда билік "мақсатына жету үшін" мемлекеттік органдардың барлық ресурстарын іске қосып жатқанын әрі "ең лас" саяси технологияны қолданып отырғаны айтылған.

Бұл іске байланысты Атамбаевтың өзі де мәлімдеме жасады. "Мен осыған дейін бұл қойылымға қатыспаймын деп мәлімдегем. Жауапкершіліктен қашпаймын. Бірақ Жээнбеков бастаған заңсыздықтарға жол бермеймін. Мен ешқашан өсек мен лас әрекет арқылы үстімнен қылмыстық іс қозғайды деп ойламаппын. Депутаттар өзімнен жауап алу үшін парламентке шақырмады. Өйткені олар шындықтан қорқады. Олар Кубана Кулматовты (Кеден қызметінің бұрынғы басшысы) және Сапар Исаковты (экс-премьер) кедендегі былықты ашқаны үшін түрмеге отырғызды", - деп мәлімдеді Атамбаев.

Ол сонымен бірге бұрынғы шенеуніктер Артыкбаев пен Атаханов та қысым арқылы өзіне қарсы куәлік бергенін айтады.

"Азиз Батукаевтың ісі бойынша да тергейтін уақыт келеді. Батукаевтың өзі ерлерше шындықты айтады деп үміттенемін. Бұл іс бойынша Ресей президенті Владимир Путин де өзінің сөзін айтатынына сенімдімін. Мен Путинге бірнеше рет Батукаевты елге қайтару жөнінде өтініш жасағам. Мен өзімнің президент болған соңғы күніме дейін Батукаевты қайтарады деген сенімде болдым. Бүгін бұл дәйектерге билік көз жұмып отыр", - делінген экс-президент жасаған мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG