Ссылки доступа

БҰҰ Тәжікстандағы құпия жоғалулар мен қамауларды зерттейді


БҰҰ-ның құпия жоғалулар мен зорлық-зомбылықты зерттейтін жұмыс тобы Тәжікстандағы жағдайды назарына алмақ. Жұмыс тобы 30 маусым 5 шілде аралығында Тәжікстанда болады.

Зебуннисо Торонова соңғы төрт жылдан бері 29 жастағы ұлы Мұхаммад Саидовты іздеп келеді. Милиция қызметкерлері оған ұлын 31 жастағы көршісі Касым Каримовпен бірге 102-мөлтек ауданы маңында ұстап әкеткенін айтқан.

"Бұл 2015 жылы болды. Милиция қызметкерлері Мұхаммад пен Касымды белгісіз бағытқа алып кетті. Содан бері олардың тағдырын ешкім білмейді", - деді Зебуннисо Торонова.

Анасының ресми орындарға үндеуі еш нәтиже бермеді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі әлі күнге дейін бұл оқиғаны не растаған емес, не терістеген де емес. Дереккөз мәліметінше, олар экстремизм айыбы бойынша ұсталған.

БҰҰ-ның Тәжікстанға келетін жұмыс тобының өкілдері Бернар Духайме мен Хенрикас Микевичус жоғалған адамдар туралы мәліметтер жинамақ. Олар сонымен бірге үкімет мүшелерімен де кездесу өткізеді.

Олар дайындайтын қорытынды баяндама 2020 жылы қыркүйек айында Женевада өтетін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңеске ұсынылады.

XS
SM
MD
LG