Ссылки доступа

Самарқанд билігі ЮНЕСКО-ның рұқсатынсыз құрылыс жүргізбейді


"Юксалиш" жалпыұлттық қозғалысының өкілдері Самарқанд билігінен қаладағы құрылыс жұмыстарын ЮНЕСКО-ның рұқсатынсыз жүргізбеуді талап етті.

Маусым айының аяғында ЮНЕСКО Самарқанд қаласын Дүниежүзі мұраларының "қара тізіміне" кіргізу мәселесін қарай бастағаны белгілі болды.

ЮНЕСКО сайтында жарияланған құжатта Самарқанд қаласының тариғи бөлімігнде үйлердің, қонақ үйлер мен басқа да ғимараттардың бой көтеріп жатқаны, олар мәдени құндылығы зор таризи ғимаратқа нұқсан келтіретіні айтылған.

Мәселені анықтағысы келген "Юксалиш" қозғалысының өкілдері 28 маусымда қала әкімдігіне барды. Қала билігі құрылыс жұмыстары ЮНЕСКО сарапшыларының рұқсатынсыз жүргізілмейтіндігін хабарлаған. Бұл туралы қозғалыс сайтында жарияланды.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзі мұралары тізіміне Өзбекстаннан Хиуадағы "Ичан-кала" нысаны, Самарқанд, Бұхара және Шахрисабз тарихи орталықтары, сонымен бірге Чаткал биосферасы енгізілген.

XS
SM
MD
LG