Ссылки доступа

Тәжікстанда жасөспірімдер өртеген қызды атақты неміс дәрігері емдейді


Жасөспірімдер кесірінен денесі күйіп қалған алты жастағы Осия Зулфонованы емдеуге Германиядан келген атақты дәрігер Эдгар Бимер көмектеседі. Бұл туралы 1 шілдеде Озоди радиосына №3 клиникалық ауруханасының дәрігері Тохир Зубайдов хабарлады.

Эдгар Бимер - атақты неміс дәрігері, профессор, Еуропа пластикалық хирургтары қауымдастығының президенті.

Тохир Зубайдовтың хабарлауынша, Осияның жағдайы бірқалыпты, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. "Эдгар Бимер Душанбеде бірнеше күн болады. Ол Осияны және басқа да науқастарды емдеуге көмектеседі", - деді Зубайдов.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, неміс дәрігерін Душанбеге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шақыртқан.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 19 маусымда Душанбенің Сино ауданында тіркелді: үш жасөспірім алты жастағы Осияны өртеген. Дәрігерлер қыздың денесінің 65 пайызы күйіп қалғанын хабарлаған.

Сино аудандық прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер бостандықта жүр.

XS
SM
MD
LG