Ссылки доступа

БАҚ: Әлемде селфи түсіруден кісі өлімі көбейді


Le Figaro француз газетінің хабарлауынша, селфи түсіруден кісі өлімі көбейген. Соған байланысты кейбір елдер белгілі-бір ереже енгізуді қолға алды.

Мысалы, Үндістанда "селфи түсіретін жерлер" арнайы көрсетілген. Ал Ресей полициясы "Селфи түсіру қауіпсіздігінің ережесін" дайындап, көпшілікке тарата бастады. 2019 жылы АҚШ-та селфи түсіруден 41 адам қаза тапқан. Олардың дені Үлкен каньонда суретке түсу кезінде опат болған.

Бразилия, Германия, Вьетнам тұрғындары көлікті немесе мотоциклде селфи түсіру кезінде апатқа ұшыраған. Бұған қоса биік ғимараттарда немесе тауда селфи түсіру жиілеген. Польшадағы Освинцим мұражайында селфи жасауға және оны әлеуметтік желіге жариялауға тыйым салынды. 2011-2017 жылдар аралығында 259 адам селфи түсіруден қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG