Ссылки доступа

Петербургта 15 жастағы жеткіншек өзбек мигрантын өлтірді деп айыпталып жатыр (видео)


Ресейдің Ленинград облысында 49 жастағы өзбекстандықты өлтірді деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысы ұсталды.

Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметіне қарағанда, “Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға Всеволожский ауданының Лесколово ауылында болған. 28 маусымда скутер теуіп бара жатқан жеткіншек көшеде өтіп бара жатқан өзбекстандыққа жол бермеген. Екеуінің арасында кикілжің шыққан. Мектеп оқушысы қарсыласының жүрек тұсына пышақ салған. Өзбек азаматы жергілікті ауруханада көз жұмған.

Тергеу кезінде күдікті кінәсін мойнына алған. Сот күдіктіні үйқамаққа босатқан.

Мақұм Хикматулло Розиковтың артында екі баласы қалды.

Өзбекстанның Санкт-Петербургтағы бас консулдығы оқиғаны бақылауына алды.

XS
SM
MD
LG