Ссылки доступа

Баренцево теңізінде өрттен 14 теңізші қаза тапты


Баренцево теңізіндегі тереңсулы атом станциясында болған өрттен 14 ресейлік теңізші қаза тапты деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі. Қаза тапқандардың бәрі офицер болған, олардың ішінде екі Ресей батыры болған.

Өрт 1 шілдеде күндіз орын алған. "Баренцево теңізіндегі ғылыми-зерттеу тереңсулы аппаратында өрт болды. 14 теңізші уланып қаза тапты",- деп хабарлады Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресейлік БАҚ дереккөзінше, өртке электр желілерінің тұйықталуы себеп болған. Қазір тереңсулы аппарат Североморсктегі әскери базада екен. Өрт кезінде жарақат алғандар әскери ауруханаға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG